422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Есірткі сатқан Шу тұрғыны Алматыны шулатты

  • 141
  • UPD: 12:12, 04.11.2020
Есірткі сатқан Шу тұрғыны Алматыны шулатты

Алматыда полицейлер есірткі тасымалының жолын кесті. Көп қабатты тұрғын үйлердің біріндегі отбасылардан маңайда күдікті адамдар жүретіні туралы хабарлама түскен. Мән-жайды анықтау барысында жалдамалы пәтерден 2 келіге жақын ескірткі табылды. Осында тұратын 31 жастағы ер адам қамауға алынды. Ол Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны болып шықты. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Ақмола облысында балық аулауға кеткен 3 жігіт қайта оралмады. Олар Астрахан ауданындағы Баршын көліне барған. Құтқарушылар іздестіру жұмыстарының алғашқы күні су түбінен екеуінің мәйітін алып шықты. Ал үшіншісі әлі табылмады. Іздеуге төтенше жағдайлар қызметкерлерінен бөлек волонтерлер де атсалысып жатыр. Волонтерлер әлеуметтік желіде «бізге тиісті жағдай жасалмады» деп жазба қалдырды. Алайда құзырлы органдар мұны жоққа шығарып отыр. Айтуларынша, оларға ережеге сай көмек көрсетіліп жатқан көрінеді. Оқиға орнында 10-ға жуық дайвер жіберілген. Олардың жартысы облыс орталығынан келсе, қалғаны елорданың  құтқарушылары. 

Алексей Советов, облыстық ТЖД бастығы:

- Қазір волонтерлер бізден тікұшақ сұрап отыр. Бұл мәселені министрлікпен ақылдасып жатырмыз. Ауа райы қолайлы болса, тікұшақпен де іздейміз. Ал волонтерлерге қайық беріп, суға жіберіп қоя алмаймыз. Бұл өте қауіпті. Қазір сүңгуірлерге қалың қамыс қиындық тудырып отыр. Жалпы көлдің аумағы 40 шаршы шақырым. Яғни ені 5, ал ұзындығы 8 шақырым. 

Ақтөбеде үш жыл бойы ауыл тұрғынын бопсалап, ақша алып келген бұзақы ұсталды. Зәбір көрген Мұғалжар ауданының тұрғыны полицияға арыз түсірген. Тәртіп сақшылары 33 жастағы бұзақыны қамауға алды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кінәлі тұлға 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Батыс Қазақстан облысында 150 тонна шөп жанып кетті. Оқиға Шыңғырлау ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде болды. Қаз-қатар үйілген орама шөптер лезде қызыл жалынға оранды. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтап, мал азығының қалған бөлігін сақтап қалды. Зардап шеккендер шоқ. Оттың тұтану себебі әзірге белгісіз. 

Петропавлда «ВАЗ 2112» автокөлігі құрылыс аумағындағы шұңқырға түсіп кетті. Оқыс оқиға Мұқанов пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында болған. Абырой болғанда, адамдар дін аман. Бұл жерде бірнеше айдан бері кәріз құбыры ауыстырылып жатыр. Жүргізушінің айтуынша, көліктің тежегіші ұстамай қалған. Оның үстіне құрылыс аумағына ешқандай белгі орнатылмаған», - дейді. 

Қазір аталған дерекке қатысты мән-жай анықталу үстінде.  

Алмас Еркешов, қалалық ПБ жол-партульдік полициясы батальонының инспекторы:

- Автокөліктің жүргізушісі жол көлік орнынан ізін суытып, қашып кеткен. Қазіргі таңда сол жүргізуші анықталып, оған әкімшілік хаттама толтырылып жатыр. Сол жол көлік оқиғасы бойынша материалдар түгелімен жиналып, тергеліп алдағы уақытта мән- жайы  анықталатын болады.  

Павлодар қаласында жеке тұрғын үйде жастар мерейтой тойлағаны анықталды. Оқиға орнына жеткен мониторингтік топ қонақтарды таратып жіберді. Карантин талаптарын бұзу дерегі бойынша материалдар қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Шектеу шаралары енгізілгелі аймақта 687 тәртіп бұзушылық тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы