422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда жүк көлігінен секірген жүргізуші ауруханада қайтыс болды

  • 111
  • UPD: 14:35, 04.11.2020
Алматыда жүк көлігінен секірген жүргізуші ауруханада қайтыс болды

Алматыда жүк көлігінен секіріп кеткен жүргізуші ауруханада қайтыс болды.

Қалалық Полиция департаментінде хабарлағандай, алған жарақатының ауырлығына байланысты дәрігерлер ер адамды аман алып қала алмады. Айта кету керек, Алматыда кеше жантүршігерлік жол апаты болған еді. Дулати көшесімен жүйткіген ауыр жүк көлігі жылдамдығын төмендетпестен жол бойындағы трансформаторды, аялдаманы, бірнеше көлікті, үйдің қоршауын соғып барып бүйіріне құлаған.

Хабар 24 телеарнасы