423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда қатыгез әке жазаланды

  • 156
Қарағандыда қатыгез әке жазаланды

Қарағандыда баласына дұрыс тәрбие бермеген қатігез әке жазаға тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді ол 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Ер азамат жаға жыртысып жатқан екі баланы айырудың орнына, ұлына болысып, қарсыласының «құлағын жұл, басынан ұр» деп кеңес берген. Әлеуметтік желіге тарап кеткен бейнежазбадан соң құзырлы органдар төбелескендерді тапты. Олар Пришахтинскі ауданындағы мектептің 1-сынып оқушылары екен. Жүгенсіздікке жол берген 39 жастағы азамат бұл әрекеті үшін 15 тәулікке дейін қамалуы мүмкін еді. Бірақ сот оның отбасында жұмыс істеп отырған жалғыз адам екенін ескеріп, жазаны жеңілдеткен.

Хабар 24 телеарнасы