423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қошмамбет ауылында жол апатынан бір адам қаза тапты

  • 108
  • UPD: 09:39, 05.11.2020
Қошмамбет ауылында жол апатынан бір адам қаза тапты

Алматы – Нұр-Сұлтан тасжолы бойындағы Қошмамбет ауылының тұсында 3 бірдей көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

49 жастағы жүргізуші басқа көліктерді басып озып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан өзге автокөліктерімен соқтығысқан. 30 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Екі жолаушы әртүрлі жарақаттармен Қаскелең ауруханасына жатқызылды.

Серік Үпиев, облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі:

– Қазіргі уақытта осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Іс бойынша қажет сараптамалар тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы