424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда қауіпті трюк жасаған баланың ата-анасы хаттама толтырды

  • 103
  • UPD: 14:53, 05.11.2020

Павлодарлық полицей өртенген көліктен жолаушыны құтқарды

Қызылордада полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткен жүргізуші қамауға алынды. Ал Қарағандыда ұлын өзгенің баласын сабауға итермелеген әке жауапқа тартылды.

Павлодар – Екібастұз тасжолының бойында «Тоуоtа» автокөлігі бұрылыс кезінде «Ауди» көлігіне соқтығысты. Салдарынан «Ауди» отқа оранды. Ішіндегі жолаушылардың бірі сыртқа шыға алмай қалған. Оны жол-патрульдік полиция қызметкері құтқарып алды. Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем келіп жетті. Қазір көлік апатына қатысты мән-жай анықталып жатыр.

 

Қызылордада жүргізуші полиция қызметкеріне қарсылық көрсетті

Қызылордада жүргізуші тәртіп сақшысына қарсылық танытып, қашып кетпек болған. Полиция басқармасының мәліметінше, патрульдік полиция батальонының инспекторы «Lada Granta» көлігін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші полиция қызметкерін көлікпен қағып, қашып кетуге тырысты. Алайда сытылып кете алмады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

 

Елорда тұрғыны галлюциногенді саңырауқұлақ өсірген

Елорданың 23 жастағы тұрғыны үйінде галлюциногенді саңырауқұлақтар өсірген. Полиция қызметкерлері құрамында «псилоцин» есірткісі бар 900 грамнан астам өсімдіктерді тәркіледі. Бұдан шамамен бір реттік 5 мың доза шығады екен. Сонымен қатар үйден саңырауқұлақ споралары мен минералды тыңайтқыштар, электронды таразы, пластикалық контейнерлер табылды. Медициналық сараптама көрсеткендей плантация иесі ұсталған кезде есірткіге еліген күйде болған. Ол 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Ақтауда қауіпті трюк жасаған баланың ата-анасы хаттама толтырды

Ақтауда мектеп оқушысы көпқабатты тұрғын үйдің төбесінде қауіпті акробатикалық трюк орындады. Әуесқой түсірілім әлеуметтік желіде таралып кетті. Жергілікті ювеналды полиция қызметі балақайға қатысты жеке мәліметтерді анықтады. Трюк жасаған және оны видеоға түсірген 5-сынып оқушылары болып шықты. Заңнамаға сәйкес жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы