Өскеменде өрт сөндірушілер 13 адамды көпқабатты үйдің ішінен алып шықты.
Оның жетеуі балалар. Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратынша, Әл-Фараби даңғылындағы үйдің бірінші қабатындағы кіреберісте тұрғындар қойып кеткен жеке заттар мен мопедтен от тұтанып, подъездің ішін бірден көк түтін алып кеткен. Жедел жеткен өрт сөндірушілер лезде құтқару шараларын бастап, 35 адамды эвакуациялайды. Оның 15-і – бала.
Сонымен қатар құтқарушылар баспалдағы арқылы 6 ересек адам, 7 бала сыртқа шығарылды. Олардың арасында екі мүмкіндігі шектеулі бала да бар. Құтқару және өртті сөндіру жұмыстары аяқталғанша сыртқа шығарылғандардың барлығы жылы жерге орналастырылды. «Өрт қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамаудан шығуы мүмкін», – дейді мамандар.