423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында тергеуші полицейді көлік қағып, мерт болды

  • 153
  • UPD: 13:48, 07.11.2020
Қостанай облысында тергеуші полицейді көлік қағып, мерт болды

Қарасу ауданында 33 жастағы полицей көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік оқиғасы 6 қарашада Қарасу ауылында болды.

«33 жастағы LADA Granta көлігінің жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетті. Тәртіп сақшысы жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан. Ауыр жарақат салдарынан полиция капитаны Исаева Светлана ауруханада көз жұмды» делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеушінің жұмысынан үйіне келе жатқаны анықталды. Сондай-ақ осы дерек бойынша қызметтік тергеу басталды.

33 жастағы Светлана Исаева полицияда 6 жыл қызмет етті.

Хабар 24 телеарнасы