425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ақжайық» резерватында қырылған құстардың саны 81-ге жетті

  • 130
«Ақжайық» резерватында қырылған құстардың саны 81-ге жетті

Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында қырылған құстардың саны 81-ге жетті.

Бүгін резерват аумағынан тағы 2 шағала мен 41 су құзғының өлексесі табылып, жойылды. Қазір Атырау орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жанынан комиссия құрылып іске кірісті. Бұған дейін құстар өлімі тіркелген аймақтан су мен топырақтың сынамасы алынып, зертханаға жіберілген. Олардың қорытындысы шыққан жоқ. Өлген құстар негізінен балықпен болмаса өлексемен қоректенетін қантаттылар қатарына жатады. Дегенмен табиғат қорғаушылар бүгіннен бастап қорық аумағында қырағылықты күшейтті. Себебі қазір жыл құстарының топтанған уақыты, резерват аумағында мыңдаған құс жылы жаққа қайтуға дайындалуда7

Асхат Қарабалаев, «Ақжайы» мемлкеттік табиғи резерваты басшысының орынбасары:

- Екі құстың өлексесі зертхана жіберілді. Содан кейін судың, ауа мен топырақтың сараптамасы алынды, оның қортындысы шықса бір-екі күнде толық айтатын боламыз. Басқа аң-құстардың жағдайы жақсы.

Хабар 24 телеарнасы