424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да қатты дауыл ғимараттардың шатырын ұшырды

  • 119
  • UPD: 16:09, 09.11.2020

Шығыс Қазақстанда қатты дауыл соқты.

Әсіресе, Зайсан ауданындағы қатты жел тұрғындардың зәресін алды. Кейбір куәгерлердің сөзінше ұйытқып соққан дауыл тіпті есік алында тұрған жеңіл көліктерді де қозғалтып жіберген.Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жел екпіні мұнда секундына 28 метрге жетіп, Зайсан қаласындағы екі мектептің шатырын жартылай жұлып әкеткен.

Сонымен қатар жеке сектордағы бірнеше үйлер мен ғимараттардың да шатырлары бүлінді. Тіпті көшедегі электр сымдары да дауылға шыдас бермей үзіліп жатыр дейді жергілікті жұрт. Қазір бұл жақта арнайы комиссия құрылып шығын көлемін анықтауға кірісті. Осындай қатты жел Ұлан ауданында да болды. Дауылдан Асубұлақ ауылдық учаскелік ауруханасының төбесіндегі жабындысы ұшып, жұлма-жұлмасы шықты.

Жалпы, өлкеде қатты дауыл болатыны жайлы құтқарушылар кешелі бері ескертіп жатыр. Сондықтан әлі сақ болуға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы