425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында аудандық аурухананың шатыры жанды

  • 128
  • UPD: 22:43, 09.11.2020
Қостанай облысында аудандық аурухананың шатыры жанды

9 қарашада сағат 18:28-де Қостанай облысының өртке қарсы қызмет пультіне Федоров аудандық аурухана ғимаратының шатыры жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минуттан кейін 18:32-де келді. Өрт сөндірушілер келген кезде қызыл жалын 300 шаршы метр алаңда шатырлы үй-жай мен лифт шахтасын шарпып үлгерген болатын. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша аурухана ғимаратында болған 50 адам шұғыл түрде эвакуацияланды. Жансақтау бөлімінен 4 науқас құтқарылды.

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге Федоров ауданы № 7 ӨСБ жеке құрамынан 12 адам және 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Суды үздіксіз беру үшін аурухана аумағында орналасқан өрт гидранты және су қоймасы пайдаланылуда.

Өрт орнына қосымша Қостанай облысы ТЖД жақын бөлімшелерінің күштері мен құралдары жіберілді, атап айтқанда, жеке құрамнан 25 адам мен 7 бірлік техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы