420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талғар қаласында өрттен үш адам көз жұмды

  • 99
  • UPD: 10:34, 10.11.2020
Талғар қаласында өрттен үш адам көз жұмды

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне 10 қараша сағат 03:40-та Талғар қаласында жеке сектордағы үйдің өртенгені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына Талғар қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 6 қызметкері мен 2 бірлік техникасы дереу жіберілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

«Өрт сөндірушілер шақырту орнына келген кезде тұрғын үй (көлемі 5х8) толығымен өртке оранған. Сондай-ақ үй төбесінің жабындысы құлағаны анықталды. Өрт сөндіру барысында оқиға орнынан 2012, 2001 және 1976 жылдары туған үш адамның денесі табылды. Өрт сағат 04:06-да оқшауланып, сағат 04:50-де толығымен сөндірілді. Көлемі 40 шаршы метрді құрады», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Қазіргі уақытта өрттің тұтану себептері анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы