420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында киіктің 167 мүйізі тәркіленді

  • 105
  • UPD: 12:51, 10.11.2020

Қарағандыда адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік апаты тіркелді. Оқиға Октябрь ауданында болған. Алдын ала болжам бойынша BMW темір тұлпарын тізгіндеген 30 жастағы азамат тізгінге ие бола алмай қалып, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Салдарынан «Сетра» маркальі автобуспен соқтығысқан. Ауыр жарақат алған азамат сол жерде жан тәсілім етті. 

Бақытжан Құдияров, облыстық ПД баспасөз хатшысының м.а.:

- Жол-көлік оқиғасының салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Қоғамдық көліктің ішінде болған жолаушылар ешқандай жарақат алған жоқ. Аталған факті полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қарағанды облыстық полиция департаменті көлік жүргізушілерден жол жүру ережелерін сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауларын сұрайды. 

Ал Маңғыстау облысының Басқұдық ауылында Лада приора көлігі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. Зардап шеккен азаматқа бірден медициналық көмек көрсетіліп, ол облыстық ауруханаға жеткізілді. Ал жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, оның темір тұлпары айып тұрағына қойылды.

Нұр-Сұлтанда есірткі саудасымен айналысқандар ұсталды. 37 жастағы ер адам мен оның 49 жастағы бірге тұратын көңілдесі героин сатып жатқан жерінде қолға түсті. Олардың пәтірін тінту кезінде есірткі құралдары салынған электрондық таразылар, 1 млн теңгеден астам қаражат сондай-ақ героин салынған 2 полиэтилен пакет тәркіленді. Айта кету қажет, азматша осыған дейін істі болғандығы анықталды. Енді олар бұл қылығы үшін 7 жылдан 25 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер қамауға алынды. 

Ақтөбе облысында браконьерлерден 167 дана киіктің мүйізі тәркіленді. Заңсыз аң аулағандарды полиция Бегімбет ауылында ұстады. Күдіктілерден бұдан бөлек жалпы салмағы 5 келі болатын қызыл кітапқа енген жануарлардың еті, аңшылық мылтық пен 12 оқдәрі тәркіленді. Енді тәртіп сақшылары мүйіздерді шетелдерге сатумен айналысқандарды іздестіріп жатыр.  

Тойға тыйым болмай тұр. Екібастұз қаласында мониторингтік топ өкілдері үйлену тойын дүркіретіп өткізіп жатқандардың үстінен түсті. Отбасылық мерейтоға 60 адамнан астам қонақ шақырылған екен. Олардың барлығы нысаннан шығарылып, «Бәйтерек» тойханасының директорына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.  

Ережені елемегендер Шымкентте де анықталды. Шаһардағы Асқаров көшесінің бойында орналасқан «Москва» клубы түнгі сағат бір жарым кезінде жұмысын тоқтатпай, жалғастыра берген. Ал ғимарат ішінде болған демалушылардың көбі бетперде кимеген. Бас санитар дәрігердің қаулысын ескермеген мекеме басышысына қатысты материалдар жинақталып, шара қолдану үшін тиісті органдарға жолданды.

Хабар 24 телеарнасы