420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда үй үлескерлерін алдаған алаяқ ұсталды

  • 138
  • UPD: 17:18, 10.11.2020

Ақтаудағы «Гауһартас» тұрғын үй кешенін салушы компания басшысы қамауға алынды. Басшыға ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы хабарлады. Құрылысы енді басталған үйге миллиондап қаржы құйып, алданған салымшылар өткен аптада жергілікті биліктен көмек сұраған еді. Компания басшысы бір пәтерді бірнеше адамға сатып, бар ақшаны алған да ізін суытқан. Бар жиған ақшасынан бір, үйінен екі айырылған үлескерлер тәртіп сақшыларына шағым түсірді. 

Әйгерім Ибадуллаева,  полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі басшысының м. а.:

- «Тастемір ЛТД» ЖШС басшысы күдікті ретінде ұсталып, Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталды. Бұл іс облыстық полиция департаменті басшыларының жіті бақылауында.

Хабар 24 телеарнасы