425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде қатты желден көлікке баған құлады

  • 161
  • UPD: 15:10, 10.11.2020
Семейде қатты желден көлікке баған құлады

Семей қаласында қатты желден баған құлап, көлікті басып қалды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 35-квартал аумағындағы бетон баған ресейлік тіркеудегі жеңіл көлікке құлаған. Бұл туралы «112» каналына учаскелік полицей хабарлаған. Оқиға орнына бірден құтқарушылар аттанды.

«Ауа райының қолайсыздығы мен қатты желдің салдарынан көлікті электр желісі тартылмаған баған басып қалды. Сағат 10:18-де сол жерге құтқарушылар «ОСА-20» автокөлігімен жетіп, манипулятор кранымен бағанды көтерді. Осылайша, 30 минут ішінде көлік үстіне құлаған баған алынды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, төтенше жағдайдың салдарын жоюға бір техника мен 4 адам жұмылдырылды. Зардап шеккен ешкім жоқ.

Хабар 24 телеарнасы