423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда адам қағып, қашып кеткен көлік жүргізуші ұсталды

  • 129
  • UPD: 16:18, 10.11.2020
Қарағандыда адам қағып, қашып кеткен көлік жүргізуші ұсталды

Қарағандылық полицейлер жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

8 қараша күні кешкі уақытта Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне қала көшелерінің бірінде белгісіз автокөліктің жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткендігі туралы хабарлама түсті.

49 жастағы жәбірленуші жол-көлік оқиғасы барысында алған дене жарақаттары салдарынан қайтыс болған. Тексеру барысында полиция қызметкерлері адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен «Фольксваген пассат» маркалы автокөлік екенін анықтады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы азамат ұсталды. Күдікті қылмысын мойындады. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабына (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы