Маңғыстауда 11 қараша күні Mercedes-benz көлігінің жүргізушісі жолдағы түйе жануарына соқтығысты.
Салдарынан жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы lada.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
Жол-көлік оқиғасы 19:15 шамасында Ақтау – Құрық тасжолында болған. Жарақат алған жүргізуші Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.
«Бұл факт Мұнайлы ауданының полиция бөлімінде тіркелді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.