422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет бюджетіне шығын әкелген букмекерлердің соты өтуде

  • 91
  • UPD: 23:22, 12.11.2020
Мемлекет бюджетіне шығын әкелген букмекерлердің соты өтуде

Мемлекет бюджетіне 91 млрд теңге көлемінде шығын әкелді деген үш букмекерлік компанияның қожайындары мен қызметкерлері заң алдында жауап беріп жатыр.

Бүгін Алмалы аудандық сотында осы іске қатысы бар 12 адам жауап берді. Онлайн өткен сот отырысында прокурор Алматыда бірнеше жыл бойы жұмыс істеп келген «Олимп KZ» букмекерлік кеңсесі, «Alpha bet», «Onlybet» компанияларының құрылтайшылары мен қызметкерлеріне ұйымдасқан қылмысты топ құрып, мүліктерді заңдастырып, салықтан жалтарып келген деген айып тақты. Бірақ айыпталушылардың дені мұнымен келіспейтіндерін айтты. 100-ден аса томнан тұратын істе жәбірленуші тарап өкілдерін тыңдау үшін сот отырысы келесі аптаға шегерілді. Жәбірленуші ретінде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті танылған. 

Хабар 24 телеарнасы