422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда өртенген қорадан екі адамның мәйіті табылды

  • 89
  • UPD: 11:43, 13.11.2020
Қостанайда өртенген қорадан екі адамның мәйіті табылды Данияр Сұлтанұлы

Бүгін таңғы сағат 5-тер шамасында Мостовой көшесіндегі шаруашылық құрылысына арналған ғимарат отқа оранды.

Өртті сөндіруге 12 құтқарушы және 2 техника жіберілді. Қызыл жалынмен күрес барысында күйік шалған екі адамның денесі табылған, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Қазір олардың жеке бас мәліметтері анықталып жатыр. Үй иесінің айтуынша, өртенген қора отын сақтау үшін қолданылған. Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз.

Авторы: Данияр Сұлтанұлы

Хабар 24 телеарнасы