422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да күшті желден мектеп ғимаратының шатыры ұшты

  • 88
  • UPD: 16:32, 13.11.2020

Бүгін түнде Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Ерназар ауылындағы орта мектеп спорт залының шатырын екпінді жел ұшырып әкетті.

Секунтына 26 метр жылдамдықпен соққан желдің салдарынан 45 шаршы метр төбе жабындысы зақымданған. Зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ күн райының құбылуынан кейбір нысандар электр энергиясынан ажырап, бірнеше үй жарықсыз қалған. Қазіргі уақытта электр желілері қалпына келтіріліп, үйлерге жарық беру жұмыстары жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы