425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда самокатпен келе жатқан әйелді жүк көлігі қағып, мерт қылды

  • 81
  • UPD: 17:42, 13.11.2020
Алматыда самокатпен келе жатқан әйелді жүк көлігі қағып, мерт қылды

Алматыда электронды самокатшыны көлік қағып, мерт қылды.

Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы 12 қарашада сағат 20:35-те Әбіш Кекілбаев пен Байқадамов көшелерінің қиылысында болған.

«Жүк көлігінің жүргізушісі Ә.Кекілбаев көшесінің бойымен келе жатып солтүстік бағытта Байқадамов көшесінің қиылысында оңға бұрылып, велосипед жолағымен самокат жүргізіп келе жатқан 1974 жылы туған әйелді қағып кетті. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Көп ұзамай полиция қызметкерлері оны ұстады», - деді Алматы қаласы бойынша Полиция департаментінің тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Дерек ҚРҚК 345-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы