423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында жол белгісінің дұрыс қойылмауынан 4 көлік апатқа ұшырады

  • 114
  • UPD: 21:05, 13.11.2020
Қарағанды облысында жол белгісінің дұрыс қойылмауынан 4 көлік апатқа ұшырады

Қарағанды облысы Бидайық ауылы маңындағы тас жолдың бойында апта басынан бері 4 бірдей көлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 10 адам зардап шекті. Облыстық полиция департаменті арнайы тексеріс жүргізіп, жол жөндеуші мекеменің белгіні дұрыс орнатпағанын анықтады. Яғни жылдамдықты азайту белгісі дұрыс жерге қойылмаған. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны жайлы хабар беретін арнайы белгі мүлде жоқ. Салдарынан жүргізушілер көлігін басқара алмай, жолдың шетіне шығып кеткен.

Бақытжан Құдияров, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы:

– Осыған байланысты, жолды жөндеумен айналысып жатқан компанияға ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 631 бабы, екінші тармағына байланысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ анықталған кемшіліктер бойынша ұйғарым жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы