425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралға қона алмаған жолаушы ұшағы Ақтөбеге ұшып кетті

  • 147
  • UPD: 18:15, 14.11.2020
Оралға қона алмаған жолаушы ұшағы Ақтөбеге ұшып кетті

Бүгін таңертең жолаушылар ұшағы Оралға көктайғақ салдарынан қона алмады.

«Орал» халықаралық әуежайының бас директоры Хайретдин Расқалиевтің айтуынша, түнде күннің суытуына байланысты ұшып қону жолағына мұз қатқан. Сондықтан елордадан ұшып шыққан, бортында 100-ге жуық адамы бар Air Astana ұшағын Ақтөбеге жіберуге тура келді.

«Барлық тиісті жұмыстар жасалып, ұшып қону жолағын қалпына келтірдік. Кейін аталған ұшақ Оралға келіп қонды. Қазір әуежай қалыпты жұмыс жасап тұр» деді Х.Расқалиев.

Борттағы куәгерлердің айтуынша, ұшақ Оралға бүгін таңертең сағат 08:45-те қонуы керек еді. Ауа райының қолаусыздағынан Ақтөбе айналып келген ұшақ Оралға шамамен сағат 14:08-де қонды.

Хабар 24 телеарнасы