424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда қару-жарақ шығаратын цех әшкереленді

  • 81
  • UPD: 20:45, 14.11.2020

Алматыда арнайы операция кезінде қару-жарақ жасайтын жасырын цех әшкереленді.

«Медеу ауданының екі тұрғыны ұсталды. Олардың тұрғылықты жерінен ірі көлемде қару-жарақ, ұрыс құралдары, оларды түрлендіруге қажетті заттар табылды. Бұл заттар қылмыстық іске айғақ ретінде тіркелді. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 287-бабы бойынша іс қозғалды. Күдіктілер уақытша оқшаулау орнына қамалды. Тәркіленген қару-жараққа баллистикалық сараптама тағайындалды», - деді қалалық полиция департаменті.

Сараптама қорытындысына сай цехтың кімге тиесілі екені анықталады.

Хабар 24 телеарнасы