423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанға шетелден 86 жолаушы ПТР анықтамасыз ұшып келді

  • 76
  • UPD: 11:36, 16.11.2020
Қазақстанға шетелден 86 жолаушы ПТР анықтамасыз ұшып келді

Карантин талаптарын ескермейтін жолаушылар азаймай тұр. Өткен түнде Қазақстанға шетелден 8 ұшақ қонды.

Бұл Түркия, Египет, Ресей, Беларусь және Бірккен Араб Әмірліктерінен қатынайтын халықаралық рейстер. Онда бас-аяғы мыңнан аса адам болған. ПТР тест анықтамасы тек 944-інде бар. Яғни 86 жолаушы анықтама алмаған. Оның 40-ы Нұр-Сұлтан, 21-і Алматы, қалған 25-і Ақтау қаласына келген. Енді олар арнайы орталыққа жеткізіліп, тест тапсырады.

Хабар 24 телеарнасы