423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында өрттен бір адам көз жұмды

  • 80
  • UPD: 11:17, 16.11.2020
Қостанай облысында өрттен бір адам көз жұмды

15 қараша күні Қостанай облысы Лисаковск қаласында шағын вагон өртенді.

Бұл туралы alau.kz ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Промышленная көшесінде орналасқан ЖШС аумағындағы 15 шаршы метр болатын күзет вагонында өрт шыққан. Оқиға орнынан 1961 жылы туған ер адамның жартылай күйген денесі табылды.

Алдын ала болжамдар бойынша өртке мас күйінде темекі шегу себеп болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы