425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да жасөспірім өзін қарумен жарақаттап алды

  • 60
  • UPD: 15:39, 16.11.2020
СҚО-да жасөспірім өзін қарумен жарақаттап алды

Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірім өзін пневматикалық қарумен жарақаттады, деп хабарлады Polisia.kz.

СҚО облыстық балалар ауруханасына табанындағы оқ жарақатымен 16 жастағы жасөспірім жүгінді. 12 қараша күні Қызылжар ауданының тұрғыны 18 жастағы танысының үйінде болған және пневматикалық мылтықты көрмек болады. Мылтықтың оқталып тұрғанын білмей, жазатайым аяғына оқ атып алған.  

Келесі күні фельдшерге жүгініп, облыстық балалар ауруханасына жіберілген. Дәрігерлер аталған факті туралы полицияға хабарлады. Қазіргі уақытта учаскелік полиция инспекторы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 436-бабы (Елдi мекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану) бойынша әкімшілік материал жинауда. Мылтық әкімшілік сот шешіміне дейін тәркіленді. Ювеналдық полицейлер жасөспірімнің ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Хабар 24 телеарнасы