422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда су жинағыш станциясындағы сорғы істен шықты

  • 86
  • UPD: 17:43, 16.11.2020
Оралда су жинағыш станциясындағы сорғы істен шықты

Оралда су жинағыш станциясындағы сорғының істен шығуына байланысты қала тұрғындарын тіршілік нәрімен қамтуда қиындықтар туындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақау шыққан сорғы Жайық өзенінде орналасқан. Осыған байланысты мамандар судың қысымын қалыпты нормадан бірнеше есеге төмендетуге мәжбүр болғанын айтады. Егер жағдай жақын арада реттелмесе, су тасымалы ұйымдастырылмақ.

Айта кету керек, қала тұрғындары бір тәулікте тұтынатын тіршілік нәрінің көлемі – 40 мың текше метр. Ал жаз айларында 55 мың текше метрге дейін барады.  

Талапкер Шалхабанов, сумен қамтушы кәсіпорынның бөлім басшысы:

– Сағат оннан бастап судың қысымын азайттық, 0,5 тен 1 килограммға дейін. Күндіз біз 2,4-2,2 қысымда ұстап тұратын едік. Қазір судың қысымы «Жайықтеплоэнергоның» сорғы станцияларында жағдайлар болып, реттелгенше су қысымы түсіп кетті. Қазіргі уақытта 1-2 қабаттарда су бар. 3-4-5-ке көтерілмейді. Қысымын 0,5-тен 1 килограмға дейін ұстап тұрмыз. Ол уақытша, қалай жұмыс ретке келеді, судың қысымы қалпына түседі.

Хабар 24 телеарнасы