424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шығыс Қазақстанда көлік аударылып қалды: зардап шеккендер бар

  • 91
  • UPD: 16:55, 16.11.2020
Шығыс Қазақстанда көлік аударылып қалды: зардап шеккендер бар

15 қараша күні шамамен сағат 16:00-де Шығыс Қазақстан облысы Селезневка ауылының маңындағы жолдың 76-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды.

ШҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, 33 жастағы Lexus жүргізушісі тасжол бойында келе жатып, тізгінге ие бола алмай аударылып қалған, деп хабарлады Устинка LIVE.

Соққының қатты болғаны соншалық, көлік аударылып, оның бөлшектері бірнеше метрге ұшқан. Көліктегі кәмелетке толмаған үш жолаушы жарақат алып, Жаңа-Бұқтырма ауылындағы медициналық мекемеге жеткізілді.

Автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 620-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Хабар 24 телеарнасы