Екібастұзда көп қабатты үйдің пәтерінде өрт шыққан.
Алдын ала болжам бойынша темекі шегу кезінде отты абайсыз қолдану өрттің шығуына себеп болған, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.
«Сағат 02:39-да Бұқар жырау көшесі, 250 мекенжайындағы тоғыз қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтерде өрт шыққан. Жалын 4 шаршы метр алаңды қамтыған. Үй заттары мен жиһаздары жанып кетті, пәтердің жалпы ауданы 30 шаршы метр», - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілердің күшімен баспалдақ сатысы арқылы 24 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды.
Пәтер иесі 1988 жылғы ер адам мен оның 1983 жылғы досы мас күйде болған. Ысты газбен уланған екеуі де ауруханаға жеткізілді.
Тілсіз жау сағат 03:17-де сөндірілді.