422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде май зауытынан өрт шықты

  • 67
  • UPD: 12:21, 17.11.2020
Ақтөбеде май зауытынан өрт шықты

Ақтөбеде Хромтау ауданы Жазық станциясындағы май зауытынан өрт шықты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бүгін жергілікті уақытпен сағат 08:43-те Хромтау аудандық өрт сөндіру бөліміне Жазық станциясындағы май зауытының өртеніп жатқандығы туралы хабарлама түсті.

«Сағат 09:17-де аудандық өрт сөндіру және төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамынан 32 қызметкер, 7 техника, сонымен бірге Хромтау қалалық мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімінен 5 адам, 1 техника жіберілді. Май зауытының газ кептіргіші өртенді. Алдын ала ақпарат бойынша зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда. Өрт сөндірушілер әлі зауыттағы жалынды сөндіріп жатыр», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы