423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаудағы қоқиқаздарды видеоға түсірген тұрғынға айыппұл салынуы мүмкін

  • 77
  • UPD: 23:18, 17.11.2020

Қоқиқаздардың әдемі көрінісін бейнетаспаға түсірген ақтаулық тұрғынға айыппұл салынуы мүмкін. Бейнеролик авторына Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының мамандары хабарласып, заңға қайшы әрекет еткендігін айтқан.

Мемлекет қорғауына алынған аймақта дрон ұшырғаны үшін ол әкімшілік кодексінің 378-бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Әлеуметтік желіде кең таралған бейнеролик қарашаның 14-і күні түсірілген. Онда Ақтаудың іргесіндегі Қаракөлге қонған мыңдаған қоқиқаз таспаланған. «Қаракөл» мемлекет қорғауына алынған табиғи қамал. Мұнда жыл сайын 10 мыңға жуық қоқиқаз ұшып келеді. 1-2 апта әл жинап, ары қарай Түрікменстан арқылы Иран, Парсы шығанағына қанат қағады. Табиғат қорғаушылары мемлекет қорғауына алынған аймақта дрон ұшырып, басқа да іс-шараларды жүргізуге тыйым салынғанын айтады. 

Ғаббас Досатов, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының басшысы:

- Ол жерде қандай жұмыстар болады? Туристік жұмыстарға, экологиялық ағарту жұмыстарына немесе студенттердің ғылыми іс-шараларына келісім болады делінген. Онда да аумақтық инспекцияның, «Үстірт» қорығының инспекторларының келісімімен. Ал кез келген адам барып, ол жерде дрон ұшырып, болмаса басқа іс-шара жасауына тыйым салынған.

Хабар 24 телеарнасы