423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда адасып кеткен 83 жастағы әжей табылды

  • 66
  • UPD: 23:28, 17.11.2020
Талдықорғанда адасып кеткен 83 жастағы әжей табылды

Талдықорған қаласында адасып кеткен 83 жастағы әжей табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін сағат 14:00 шамасында Талдықорған қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне қаланың 5-шағын ауданында тұратын 83 жастағы әжейдің таңертең үйінен шығып, қайта оралмағанына алаңдаған туыстары хабарласқан.

Жоғалған кейуананың киген киімі мен түр-түсі туралы хабарламаны Талдықорған қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының қызмет көрсетуден оралған № 162 борты қабылдады.

Тәртіп сақшылары дереу жақын маңда орналасқан тұрғын үй кешендерінің аулалары мен көшелерді аралауға кіріскен. Үш сағат ішінде полицейлер көрші ауданмен шектес аумақтан адасып кеткен қарияны тапты. Олар әжейді үйіне жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы