420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде жаңадан салынып жатқан үйден өрт шықты

  • 168
  • UPD: 13:31, 18.11.2020
Семейде жаңадан салынып жатқан үйден өрт шықты

Семей қаласының Қарағайлы шағын ауданында жаңадан салынып жатқан 9 қабатты үйден өрт шыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екінші қабаттан 9-қабатқа дейінгі аралықтағы сыртқы қабырғаның жылытқышы өртенген. Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 300 шаршы метрде тілсіз жауды жедел сөндірді. Өртті сөндіруге 7 бірлік техника мен жеке құрамнан 30 адам жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы