422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында көп қабатты үй өртеніп, екі адам зардап шекті

  • 87
  • UPD: 14:32, 18.11.2020
Қостанай облысында көп қабатты үй өртеніп, екі адам зардап шекті

Қостанай облысында көп қабатты үй өртеніп, екі адам зардап шекті.

17 қараша күні сағат 23:28-де Қостанай облысының Қашар ауылында 13-ӨСБ кезекші пультіне көп қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлады alau.kz.

5 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтер өртенді. Тілсіз жау кіреберіс бөлме мен жуынатын бөлмені шарпыған.

Өрт сөндірушілер 60 жастағы үй иесін құтқарды. Ол 1-2 дәрежелі күйік алған. Сондай-ақ 1941 жылғы әйел адам құтқарылды. Тағы 20 адам эвакуацияланды.

Жедел жәрдем көлігі зардап шеккендерді жергілікті ауруханаға жеткізді.

Өртті сөндіруге Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 7 адам және 2 арнайы техника жұмылдырылды. Сондай-ақ газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары жұмыс істеді. Өрт сағат 23:59-да толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы