425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада ірі көлемде есірткі тәркіленді

  • 66
  • UPD: 15:06, 18.11.2020
Елордада ірі көлемде есірткі тәркіленді

Елордада ірі арнайы операция барысында 20 келі есірткі заттары тәркіленді.

Оның заңсыз нарықтағы бағасы 30 млн теңгеге барады. Есірткі қылмысына қарсы іс-әрекет басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шарасында Жеңіс көшесінде бұрын сотты болған азамат ұсталды. Оның үйінен 13 полиэтилен пакетке оралған «гашиш» және сатуға дайындалған 32 пакет есірткі табылды. Ал арнайы операция барысында ұсталған азаматтарға қарсы қылмыстық іс қозғалды. Оларға 10-нан 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы