422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұмытшақ әйел әшекей бұйымынан айырыла жаздады

  • 75
  • UPD: 07:47, 19.11.2020
Ұмытшақ әйел әшекей бұйымынан айырыла жаздады

Павлодар облысында сақина ұрлаған жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне қаладағы сауда үйлерінің біріндегі алтын сататын бутикте сақина таңдау кезінде өз сақинасын жоғалтқаны туралы жергілікті тұрғын хабарласқан. Оқиғаның мән-жайын анықтау кезінде полиция қызметкерлері әйел адамның сақинасын шешіп, витринаға қойып, бірнеше сақинаны тағып көргеннен кейін өз сақинасын ұмытып, бутиктен шығып кеткенін анықтады.

Осы уақытта витринадағы сақинаны көріп қалған бейтаныс жас жігіт бутикке кіріп, оны қалтасына салып алып, бутиктен шығып кеткен. Жас жігіттің әрекеті дүкенде орналасқан бейнебақылау камераларына түсіп қалды.

Бұл факт бойынша өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел уәкілдер жергілікті тұрғынды ұстады. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы