420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жүргізуші ұйықтап кеткен: Маңғыстауда жол апатынан екі адам зардап шекті

  • 68
  • UPD: 14:17, 19.11.2020
Жүргізуші ұйықтап кеткен: Маңғыстауда жол апатынан екі адам зардап шекті

Республикалық маңызы бар Жетібай – Жаңаөзен тасжолының 45-шақырымында жол апаты болды.

Бұл туралы lada.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат 18 қараша күні сағат 13:30-да түскен.

Kia Rio көлігінің жүргізушісі көлік жүргізу кезінде ұйықтап кетіп, салдарынан «ГАЗель» көлігімен соқтығысқан. Екі адам жарақат алды. Оларды жедел жәрдем бригадасы Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізді.

Бұл факт Қарақия аудандық полиция бөлімінде тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы