423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда екі қабатты ғимараттан өрт шықты

  • 206
  • UPD: 16:43, 19.11.2020
Алматыда екі қабатты ғимараттан өрт шықты

Алматыда жиһаз цехы мен автокөлік бөлшектерінің қоймасынан өрт шықты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін түскі сағат 13:55 шамасында өрт сөндіру көліктері Әуезов ауданы Өтеген батыр көшесі 15А мекенжайынан шыққан өртке аттанған.

Алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минутта жетті. Олар келгенде екі қабатты ғимараттың бірінші қабатында автобөлшектер мен сөрелер орналасқан бокс өртеніп жатқан.

«Өрт шыққан ғимарат ішінде қою түтін пайда болды. Газ-түтіннен қорғау қызметі жылу түсіргіштің көмегімен өрт ошағын анықтау үшін барлау жүргізді», - деп хабарлады департаменттен.

Шұғыл қабылданған шаралардың арқасында өрт 25 минуттың ішінде ауыздықталып, сағат 14:42 кезінде толық сөндірілді.

Тілсіз жаудың ғимараттың екінші қабатындағы жиһаз цехы мен автокөлік бөлшектері бар қоймаларға таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы