422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда жасырын есірткі зертханасы анықталды

  • 52
  • UPD: 18:47, 19.11.2020
Алматыда жасырын есірткі зертханасы анықталды

Алматы полициясы күдікті үш азаматқа байланысты арнайы тексеру операциясын жүргізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде 26, 24 және 23 жастағы жігіттердің жасырын есірткі дайындап келгені әшкереленді. Кеше кешкі сағат жетілер шамасында Абай даңғылының бойында полицейлер Hyundai маркалі автокөлікті тоқтатып, тексерген. Тінту барысында көлік ішіндегі екі азаматтың бірінен «мефедрон» синтетикалық есірткі салынған қораптар табылды. Арнайы топ бірден күдіктілер жалға алып тұрып жатқан Жетісу ықшам ауданындағы пәтерді тексеріп, есірткі жасайтын арнайы заттар тапты. Үшінші күдікті де дәл осы жерде қолға түскен. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр.

Салтанат Әзірбек, ІІД ресми өкілі:

– Бұл азаматтардың бірнеше ай бойы жұмыс істегеніне көзіміз жетіп отыр. Нақты қанша уақыттан бері осы синтетикалық затты өндіріп, саудаға салғанын біз анықтайтын боламыз. Қылмыстық кодекстің 297 бабының нормалары бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделуде. Негізі бірнеше жыл бұрын заңнама қатайтылды. Есірткі саудалаған, есірткі өндірген азаматтар үшін бұрын сол 3-4 жылдың көлемі болса, жаза мөлшері енді 12 жылға дейін ұзартылды.

Хабар 24 телеарнасы