425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында ірі көлемде героин тәркіленді

  • 45
  • UPD: 12:33, 20.11.2020

Қостанай облысында Жетіқара қаласының тұрғыны жарты келіге жуық героинді үйінде сақтаған адам қолға түсті.

Ол есірткінің аса ауыр түрін ірі көлемде еденнің астына жасырған. Есірткі таратушыны ұстау операциясы қазан айында басталды. Полицияға шаһар аумағында героин пайда болғандығы жөнінде хабар түскен. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Табылған героиннің қара нарықтағы құны 12,5 млн теңге тұратын көрінеді. Тергеп-тексеру шаралары кезінде 39 жастағы күдіктіден таразы және бір миллион теңгеден астам ақша тәркіленді. Қазір қылмыстық іс қозғалды.

 

Жамбыл облысында мал ұрлығы тыйылмай тұр

Бір ғана Жамбыл ауданында соңғы 10 айда 16 қылмыс тіркеліп, 72 бас ірілі-ұсақты мал қолды болған. Қызылорда облысында жойылып кету қаупі бар аңды атқан браконьерлер ұсталды.

 

Қарағандыда заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастырғандар ұсталды

Қарағанды облысында заңсыз қойылған ойын автоматтары әшкереленді. Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше жергілікті дүкеннің бірінде «Лотореялық ойын» деген жалған желеумен кәдімгі құмар ойындары ойнатылып келген. Енді құқық бұзғандар қылмыстық ісі үшін заң алдында жауап беретін болады. Қазір күдіктілерден 3 ойын автоматы тәркіленген. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып сотқа жіберілді. Егер қылмысы дәлелденсе, күдіктілерге 2 мың айлықтық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

 

Қызылорда облысында браконьерлер ұсталды

Қызылорда облысында жойылып кету қаупі бар жануарларды атқан браконьерлер ұсталды. Қаскөйлер Көктөбе ауылынан 70 шақырым жерде қолға түсті. Олар мемлекеттік нөмірі жоқ, мотокөлікпен жүйткіп бара жатқан жерінен тоқтатылды. Тексеру барысында 2 аңшы мылтығы, 18 дана оқ, қоян мен сирек кездесетін қарақұйрықтың денесі табылды. Анықтай келе қарудың біреуі тіркелмеген болып шықты. Ал күдіктілер Түркістан облысы мен Жаңақорған ауданының тұрғындары. Қазір олар қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы