422.66 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау – Ақтау тасжолында жүк көлігі аударылып қалды

  • 100
  • UPD: 11:40, 20.11.2020
Атырау – Ақтау тасжолында жүк көлігі аударылып қалды

Атырау – Ақтау тасжолында 18 қараша күні жол-көлік оқиғасы болды.

Сағат 23:40-та Маңғыстау аудандық полиция бөлімінің пультіне жол апаты туралы хабарлама түскен, деп хабарлады lada.kz.

«MAN маркалы көліктің 33 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, апатқа ұшырады. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Жол-көлік оқиғасынан жолаушы зардап шекті. Ол Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұл факт Маңғыстау облысының полиция бөлімінде тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы