420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында пәтерден өрт шықты

  • 76
Ақмола облысында пәтерден өрт шықты

Ақмола облысында көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, 1 адам қаза тапты.

Оқиға өткен түнде Атбасар қаласында болған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, шаһардағы 5 қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерлердің бірін қызыл жалын шарпыған. Өрттен 3 адам құтқарылды. Олардың бірі – марқұмның анасы. Ал 1966 жылы туған ер адамның мәйітін өрт сөндірушілер тілсіз жауды өшірген кезде тапқан.

Манарбек Шапағатов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Қазір өрттің неден шыққаны және баспанаға қанша зиян келгені анықталып жатыр. Оқиға орнында полиция мен өрт-техникалық зертханасы жұмыс істеуде. Ал ер адамның нақты неден көз жұмғаны сот-медициналық сараптамасынан соң белгілі болады. Осыған байланысты тұрғындарға үйде өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау қажеттігін ескертемін.

Хабар 24 телеарнасы