425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада теміржолда тұрған вагон өртенді

  • 73
  • UPD: 15:27, 20.11.2020
Елордада теміржолда тұрған вагон өртенді ҚР ТЖМ

19 қарашада таңғы сағат 3:11-де Нұр-Сұлтан қ. Кемеңгерұлы 9/8 көшесінде орналасқан қалпына келтіру пойызы жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Құрамында 15 адам және 3 техникасы бар елордалық өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жеткен. №50 теміржолда тұрған резервтік вагондағы өрт 50 шаршы метрді шарпыған. Жалынның әсерінен көрші жолдағы вагон арбаларын орналастыруға арналған платформада тұрған шынжыр табанды трактордың кабинасы да жанып кеткен. 

Өрт сағат 04:22-де ауыздықталып, сөндірілді. 

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы