425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда қабаған ит екі жасар баланы талап тастады

  • 74
  • UPD: 21:31, 20.11.2020

Атырау полицейлері баланы қапқан итті тауып, иесін жауапқа тартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

18 қарашада сағат 16:51-де «102» операторына Жұлдыз-2 ықшам ауданының тұрғынынан сәбиді ит қапқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға болған жерге шұғыл жеткен полиция қызметкерлері 2018 жылғы сәбиді жарақаттарымен облыстық балалар ауруханасына жеткізді.

Полиция қызметкерлері жүргізген жан-жақты іздеу шараларының нәтижесінде сол ықшам ауданындағы шағын өндірістік базалардың бірінің аумағынан сәбиді қапқан ит табылды.

«Иттің иесі – 1985 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны да анықталды. Оған қатысты ӘҚБтК-нің 408-бабы 2-бөлігі «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы