423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында бір мектеп карантинге жабылды

  • 74
  • UPD: 23:57, 20.11.2020
Ақтөбе облысында бір мектеп карантинге жабылды

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында бір мектеп карантинге жабылды, деп хабарлады ҚазАқпарат. Ақтөбе облысы бойынша қазір 1 мектеп карантинге жабылды.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Сүлейменованың айтуынша, Шалқар ауданындағы 7-сынып оқушысынан СOVID-19 анықталды.

Мұнда білім алып жүрген оқушылардың бәрі қашықтан оқуға көшті.

«Облыстың білім саласы бойынша барлығы 18 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Біреуі Шалқар ауданының оқушысы. Сонымен бірге 10-ы педагог, үшеуі техникалық қызметкер. Төртеуі балабақша тәрбиеленушісі. Бұл білім ордаларында дезинфекция жұмыстары жүргізілді», - деді Гүлназ Сүлейменова.

Айта кетейік, қазір 226 мектеп дәстүрлі форматта оқытып жатыр. Онда 19 мыңнан астам бала білім алып жүр. Өзгесі қашықтан білім береді. Өңірде 1-4 сынып оқушылары ата-аналарының өтінішімен кешекші топ ашылса, келесі аптада 5-сыныпқа да кезекші сынып қосылады.

Хабар 24 телеарнасы