429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

  • 393
  • UPD: 09:48, 23.11.2020
Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Павлодар облысында адам өліміне әкелген жол апаты болды.

Бұл туралы Павлодар-онлайн облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Жол апаты 21 қараша күні сағат 23:30-да Павлодар-Омбы тасжолының 31-ші шақырымында, Сычевка ауылының маңында болған.

Полицияның хабарлауынша, ВАЗ-2107 мен Lada Vesta көліктері бетпе-бет соқтығысқан.

Салдарынан 53 жастағы ВАЗ жүргізушісі мен 40 жастағы Lada көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

– Жарақат алған ВАЗ-2107 жолаушысы ауруханаға жатқызылды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды, тексеру жүргізіліп жатыр, - деп толықтырды ПД.

Хабар 24 телеарнасы