419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада дәмханадағы жарылыстан зардап шеккен үш адам жансақтау бөлімінде жатыр

  • 189
  • UPD: 13:34, 23.11.2020
Елордада дәмханадағы жарылыстан зардап шеккен үш адам жансақтау бөлімінде жатыр

Өткен сенбіде елордадағы дәмханада болған жарылыстан зардап шеккен 3 адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, біреуінің жағдайы ауыр. Күйік шалған және түтінге уланған 23 адам дәрігерлердің бақылауында. Жеңіл жарақат алған 11 адам амбулаториялық ем алып жатыр. Зардап шеккендердің көбі дәмхана қызметкерлері.

Естеріңізге сала кетсек, дәмханада газ баллоны жарылып, ғимараттың төбесі ортасына түсті. Бір адам қайтыс болып, ондаған адам жарақат алды. Төтенше жағдайдың себеп-салдарын арнайы құрылған комиссия тексеріп жатыр.

Әйгерім Ардаққызы, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Пациенттердің көбісі түрлі дәрежедегі термиялық күйіктермен, орта дәрежедегі газбен улану және политравмамен емдеуге жатқызылды. Бір науқас травматология бөлімшесінде жамбас сүйегінің жабық сынығымен, қалғандары 1 көп бейінді қалалық ауруханада бөлімшесіне жатқызылды. 3 адам реанимация бөлімшесінде.

Хабар 24 телеарнасы