Алматыда шағын жүк көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Оқиға Петрозаводская көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі аударылып қалған. Қалалық полиция департаменті оқыс оқиғаға қатысты тексеруді бастады.
«Бұл деректі Түрксіб ауданы полиция басқармасы анықтап жатыр. Тиісті сот медициналық сараптамасы тағайындалды», - деді полиция басқармасынан.