425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шымкенттегі жеке тұрғын үйде газ жарылды

  • 232
  • UPD: 17:46, 23.11.2020
Шымкенттегі жеке тұрғын үйде газ жарылды

Шымкенттегі Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ саяжайындағы жеке тұрғын үйде газ жарылды.

Нәтижесінде 37 жастағы азамат жарақат алып ауруханаға түскен. Оның денесінің 65%-ін күйік шалған. Дәрігерлер жағдайы ауыр деп отыр. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, жарылыс техникалық қауіпсіздік шараларды сақталмағандықтан болған көрінеді. Тұрғын үйдің иесі 3 тонналы газ толтырылған резервуарды осы жылдың қазан айында өз бетінше орнатқан. Оның ешқандай жобалық-сметалық құжаттары да жоқ екен. Газ сақталған резервуар үйден небәрі 30 метр арақашықтықта жердің үстінде орнатылған. Естеріңізге сала кетейік, бұл – Шымкентте жылыту маусымы басталғалы бері орын алған үшінші оқиға. Осыған дейін Тұран және Нұрсәт мөлтек аудандарындағы көпқабатты үйлердегі осындай апат болып екі адам жапа шеккен болатын.

Мадияр Жақсыбаев, қалалық Төтенше жағдайлар департамені басшысының орынбасары:

– Газ сақтайтын резервуардан құбыр өткен. Ол құбыр асханаға өтіп, оның әсерінен асхана ішіндегі кейбір құбыр тесіктері арасынан газ шығып, салдарынан ер азамат жарақат алды. Қарапайым техникалық қауіпсіздікті сақтамау салдарынан тұрғындар табиғи газдан улануда. Қала аумағында 9 оқиға орын алды. Салдарынан 10 адам қайтыс болды. 2-3 адам жарақат алған.

Мұхит Досыбаев, Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының бөлім меңгерушісі:

– Түскен кездегі науқастың жағдайы өте ауыр. Күйікке байланысты науқас бірден қабылдау бөлімінен жансақтау бөліміне жатқызылды. Диагнозы: II-III дәрежелі термиялық күйік. Денесінің 60% күйік шалған. 

Хабар 24 телеарнасы