Елордада дәмханадағы жарылыс кезінде қаза болған марқұмның мәйіті ертең туған жері Қызылорда облысына жеткізіледі.
52 жастағы әйелдің артында жалғыз ұлы қалған. Қайғы жұтқан марқұмның отбасына 1 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі. Бұл туралы Нұр-сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы айтты. Еске салайық, 21 қарашада Нұр-Сұлтан қаласындағы дәмханада газ баллоны жарылып, одан 30-дан аса адам түрлі жарақат алып, қалалық ауруханаға жеткізілген болатын.
Дәрменияр Қыдырбекұлы, Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары:
– Ол әйел өзі кафеде жұмыс істеген және сол жерде тұрған. Біз әкімшілікпен отбасын таптық. Туыстарына әкімшілік тарапынан және қожайынмен бірлесіп 1 млн теңге көмек көрсетіледі.
Сондай-ақ:
Елордадағы жарылыс кезінде барлығы 33 адам зардап шекті
Елордадағы жарылыс: 19 адам зардап шегіп, біреуі қаза тапты
Дәмханадағы жарылыс: елорда әкімі қайтыс болған қыздың отбасына көңіл айтты